15-мамыр отбасы күні құтты болсын » СШ №23
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№23 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15-мамыр отбасы күні құтты болсын
16
май
2020

15-мамыр отбасы күні құтты болсын


Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,
Бауыр барда,
Бақытсызбын дей көрме!
Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар,
Не жағдайда бір - біріңді жақтаңдар.
Шайтан келіп күнәлісің деп қалса,
Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.
Бауыр десе жанын берер Отбасы. Ырысқұл елінен таралған Мүсірәлі әулеті - үлгілі, өнегелі, өнерлі әулетінің бірі. Мүсірәлі атамызбен Бубиша апамыздан таралған ұрпақ, кәзіргі күнде балалары, немелері еліне, жеріне қызмет жасап мемлекетінің өркендеуіне үлесін қосуында. Әлжан ана ауылында бір жұдырықтай жұмылып бауырлар ауыл шаруашылығына үлесін қосуда. Жеке шаруа қожалығымен айналысады, кәзіргі таңда үлкен мейрамхана салуда. Әулеттің үлкені Мамытов Жақсыбек Мүсірәліұлы Қордай ауыл шаруашылық колледжінің беделді ұстаздарының бірі, жұбайы Мамытова Бейсекуль өмірін отбасына арнаған. Балалары: үлкен ұлы Мүсірәлі Куаныш - Майор, Зайсан қаласында Майқапшағай өткізу пунктінің бастығы, Мемлекеті үшін қызмет атқаруда 3 баласының әкесі, қызы Мүсірәлі Меруерт - өнер деп жүрегі соғуда, Қазақстандағы қатты дауыста әншілердің бірі, театр және кино актрисасы. Жүргенов атындағы өнер академиясында эстрадалық вокал мұғалімі. Мүсірәлі Қуанар - жеке кәсіпкер 2 баласының әкесі. Мамытов Жақсылық Мүсірәліұлы кәзіргі таңда жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысуда жұбайы Мамытова Нуржан #23 Т.Рысқұлов ат ОМ-де мектеп кітапханашысы. Балалары: Мүсірәлі Дархан - Алматы қаласында өзінің кіші жеке бизнесімен айналусуда жеке кәсіпкер 2 баласының әкесі, қызы Мүсірәлі Салтанат- #23 ОМ-нде қызмет атқаруда, кіші ұлы Мүсірәлі Ернар - жеке кәсіпкер 1 баласының әкесі. Мамытов Аян Мүсірәліұлы - ел КОРОЛЬ МЯСА деп тани білген, жеке кәсіпкер, жұбайы Мамытова Шара үй шаруасында өмірін отбасына арнаған. Балалары: Мүсірәлі Әділет әкесінің жолын жалғастыруда кәсіпкер, Мүсірәлі Санжар жас бапкер, Мүсірәлі Аяжан болашақ дәрігер, Мүсірәлі Шыңтас оқушы. Әулеттің кенжесі Мамытов Ануар Мусралиұлы мал шаруасымен айналысуда жұбайы Мамытова Назира өмірін отбасына арнаған балалары Мүсірәлі Асылбек студент болашақ ағаларының ізін базар кәсіпкер, қызы Мүсірәлі Мерей оқушы, Мүсірәлі Аяулым оқушы, Мүсірәлі Алдияр оқушы.
Осы әулеттің қыздары Мамытова Турсынкуль Мусралиевна, Мамытова Гүлсім Мусралиевна, Мамытова Шынар Мусралиевна.
15-мамыр отбасы күні құтты болсын