Қамқоршылық кеңес » СШ №23
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№23 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес
19
июнь
2020

Қамқоршылық кеңес

№23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің 2020 жылы 27 мамыр күні өткізілген Қамқоршылық кеңесінің
ХАТТАМАСЫ
Қатысқаны: 9
Қатыспағаны:
1. №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің директоры А.Байгелованың Қамқоршылық кеңесінің адында 2019-2020 оқу жылы нәтижесі бойынша берген есебі.
Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің директоры А.Байгелова сөйледі, өз сөзінде мектепте 2019-2020 оқу жылы барысында орындалған жұмыстар туралы айтып өтті. Бұл оқу жылы жақсы аяқталды. Оқушылардың барлығы аттестатталды. Білім сапасы өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғарылады.оқушылар ІV тоқсанның өзінде бірқатар жетістіктерге жетті. Бұл мектеп ұжымы мен оқушыардың еңбегі болып саналады. Әрине бұл жерде ата-аналардың да үлесі бар.
Сонымен қатар осы тоқсанда ата-аналармен іс-шаралар да жүргізілді. Міне осындай жұмыстар мектепте үздіксіз жүргізіліп тұрады.
Сондай-ақ мектеп ата-анаар омиттетерімен де тығыз жұмыс жасайды. Олармен бірлесе отырып балалардың сабаққа қатынасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, жақсы нәтижелерге жетіп келеді.
Сондай-ақ жиналыста жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі туралы айтып өтті. Демалыс кезінде баланың өміріне өздері жауапты болатындығы айтылды.
А.Байгелованың баяндамасынан кейін қамқоршылық кеңес мүшелері жарыс сөзге шығып, өздерінің пікірлерін айтты. Әрбір ата-ана өз баласының өміріне жауапты екендігін, әсіресе судан, каналдан абай болу, кешкі уақыттарда балаларды қадағалау ата-ананың жауапкершіігіне кіретінін айтып өтті.
Шешімі:

1. №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің директоры А.Байгелованың Қамқоршылық кеңесі алдында берген 2019-2020 оқу жылы барысында орындалған жұмыстары жақсы деп атап өтілсін.
2. Алдағы оқу жылында да ата-аналардың белсенділігі одан әрі жандандырылсын.
3. Мектептегі үйірмелер саны келесі жылы көбейтіліп, әрі қарай жұмысын жалғастырсын.
4. Ата-аналар мен мектеп арасында тығыз байланыс орнатылып, ата-аналар сабақтарға жиі қатыссын.
5. Жазғы демалыс кезінде ата-ананың баласының өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілігі арттырылып, олардың демалыс кезіндегі судан, оттан, басқа да әртүрлі жағдайлардан абай болуы туралы ата-аналармен әңгімелесу жүргізілсін.
6. Ата-аналарға кәмелет жасына жетпеген қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
7. 9,11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен мұғалімдер бірлесе отырып мамандық таңдау бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізілсін
1.Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ташметов Қ.
2.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Садырбаев С.
3.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Әбілдаева Ж.
4.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Турысбекова Н.
5.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Еділбаев Б.
6.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Кодеков Д.
7.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Абдрахманова Г.
8.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Тлеубаев М.
9.Хатшысы: Жетыгенова П.

Похожие публикации:

19 июнь 2020 Хабарландыру
05 декабрь 2019 ХАБАРЛАНДЫРУ
29 октябрь 2019 Қамқоршылық кеңес
03 октябрь 2019 ХАБАРЛАНДЫРУ